{metadescription}
Теңге ілу: Қазақстан қоржынына қос алтын түсті

Теңге ілу: Қазақстан қоржынына қос алтын түсті

Бүгін теңге ілуден екі кезең өтті. Екеуінде де Қазақстан спортшыларының мерейі үстем болды.

«Бес белес» кезеңінде Бекнұр Серіков алтын иеленді. Екінші орынға моңғол спортшысы Айболат Ұнатқан жайғасса, үздік үштікті қырғыз Әділбек Кенжебекулы иеленді.

Ал қос құлаш бойынша қазақстандық Рахат Қамбаров дара шықты. Моңғол спортшысы Мэлс Наурызбек күміспен күптелсе, қырғыз Асқат Талайбеков қолаға қол жеткізді.

Ертең спортшылар теңге ілудің жеті құт түрінен сайысқа түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде