Ақтөбеде Telegram арқылы электронды темекі сатқан тұрғын ұсталды
Ақтөбе қаласының тұрғыны Telegram мессенджері арқылы 400-дей бірреттік темекі сатпақ болды. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу басталды.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
09:38 13.09.2024
Полиция қызметкерлері электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан 32 жастағы тұрғынды ұстады. Ер адам шылымды Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкені арқылы саудалаған.
Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Онда тәртіп сақшылары 400-ден астам бірреттік темекі, 300-ден астам сұйықтық пен оларды тұтынуға арналған картриджді тауып, тәркіледі.
«Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!