{metadescription}
16 мыңға жуық адам банкрот деп танылды – Қаржы министрлігі

16 мыңға жуық адам банкрот деп танылды – Қаржы министрлігі

Банкроттық рәсіміне 110 мыңнан астам адам өтінім берді. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

«Былтырғы наурыз айынан қазірге дейін 16 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Жалпы, 110 мыңнан астам адам өтінім берді. Атап айтқанда, банкроттық рәсімін жеңілдетуге бағытталған жаңа түзетулерді қабылдадық, яғни құжаттар бойынша талаптар азайды. Осыдан кейін өтінім беретіндер саны өседі деген ойдамыз», - Ержан Біржанов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, 2023 жылы 3 наурыздан банкроттыққа өтінім қабылдау басталады.

Атап айтқанда, елімізде қарыз мәселесін шешудің 3 рәсімі ескерілген, яғни соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру жолдары бар. Соттан тыс банкроттық банк, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алындағы 1 600 АЕК-тен (5,9 млн теңгеден аспаса) төмен берешек бойынша қолданылады. Бұл іс-шара 6 айға созылады. Оның барысында борышкердің шоттарындағы қаражатқа, мүлікке қатысты мониторинг жасалады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.