{metadescription}
Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды

Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды

Елордада тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды. 

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылына жақындағанда оң жағындағы жол төсемінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп ескертеді әкімдіктен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде