{metadescription}
Халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Ішкі істер министрі міндетін атқарушының бұйрығымен халықты тіркеудің жаңа ережесі бекітілді.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер органдары еліміздің азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды тұрғылық жері және уақытша келген орны бойынша тіркеуге алады. 

Қазақстанның 14 жастан асқан азаматтары өкілетті орган немесе электронды үкімет веб-порталы арқылы, ал тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар өкілетті органдар арқылы тұрғылықты жеріне тіркеледі.

Белігі бір жерге уақытша келген азаматтар келген сәттен бастап 10 күннің ішінде тіркеуге тұруы тиіс. Бұл ретте жеке басын куәландыратын құжат, баспана иесінің келісімі мен тіркеуге құқығын растауы керек.

Тіркеу баспана иесінің жазбаша немесе цифрлық қолтауға арқылы куәландыруы арқыл электронды түрде жүзеге асырылады.

Өкілетті орган тіркеу құқығын растау үшін баспана иесінің деректерін ақпараттық жүйелерден тексереді. 

Азаматтар тұрғын үйлерге, пәтерге, саяжайларға, жатақханаларға, қонақ үйлерге, демалыс үйлеріне, шипажайларға, емдеу мекемелері мен өзге де тұрғынжай орындарына тіркелеге алады.

Елдің ішінде қоныс аударған немесе шетелден келген Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, босқын мәртебесін алған адамдар тіркелуі қажет.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде