{metadescription}
СҚО-да 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

СҚО-да 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бос жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекетке қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалаушы орган жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 497 млн теңге болатын жер учаскесін қайтарды. Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Нәтижесінде меншік иелерінен жалпы ауданы 25,1 мың га жер қайтарылды.

«Қадағалау шаралары арқылы сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді өңір прокурорлары.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде