Атырау облысының тағы екі ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысындағы Жылыой және Мақат ауданының жаңа прокурорлары тағайындалды.
Фото: Атырау облысының прокуратурасы
14:12 17.09.2024
Атырау облысы прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, Еркебұлан Ермеков Жылыой аудандық прокуратурасына жетекшілік етеді.
Еркебұлан Нұрымұлы 1987 жылы өмірге келген. Прокуратура органында еңбек өтілі – 15 жыл.
Еңбек жолын Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі болып бастап, аға көмекшісі, орынбасары болған. Кейін Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған. Осы тағайындауға дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болды.
Оның сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Мақат ауданында да жаңа прокурор қызметіне кірісті. Бас Прокурордың бұйрығымен бұл лауазымды Магилан Рахимов атқарады.
Магилан Еркінұлы жасы – 40-та. Қадағалау органында 2007 жылдан бері жұмыс істейді.
Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарында тәжірибе жинаған. Осы кезге дейін Құрманғазы ауданының прокуроры лауазымын атқарып келді.
Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!