{metadescription}
Неміс дәрігерлері Ербаян Мұхтардың аяғынан тұруына 80-85% үміт артып отыр

Неміс дәрігерлері Ербаян Мұхтардың аяғынан тұруына 80-85% үміт артып отыр

Бірнеше ай комада жатып, есін жиған сарбаз Ербаян Мұхтарды Германияға апарып емдейді.

Бұл туралы мүгедек болып қалған жігіттің әкесі Хамит Аймағамбетов мәлім етті.

«Баламды емдету үшін клиниканы Германиядан таңдап отырмыз, бірақ қандай клиника, қайда апарамыз ашық айтқымыз келмейді, ақпаратты барған соң таратамыз. Германияның мықты деген 2-3 клиникасы қабылдаймыз деп отыр, бүгін Денсаулық сақтау министрімен кездесуде баланы жеткізу жағын сұрадым. Халық жинаған қаржының жартысы жол шығынына кетейін деп тұр, емге жетпей қалады, біз сол үшін алаңдап отырмыз», - деді Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Аймағамбетов елордада өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар сарбаздың әкесі неміс дәрігерлерінің Ербаянды 2-3 айдың ішінде бір қалыпқа келтіретіндеріне кепілдік беріп отырғанын айтты. 

«Дәрігерлер Ербаянның аяғынан тұруына 80-85% үміт бар деп отыр. Жалпы жағдайы бірқалыпты, жаман емес, бірақ кеше талмасы ұстап қалды, неміс профессорларынан консультация алып отырмыз», - дейді ол. 

Бұған дейін комада болған сарбаздың әкесі қазір Ербаянның денсаулық жағдайы шетелге апаруға жарамай тұрғанын айтқан еді. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде