{metadescription}
Қызылордада биыл 15 бала терезеден құлап кетті

Қызылордада биыл 15 бала терезеден құлап кетті

Қызылорда облысында биыл балалардың терезеден құлауы бойынша 15 дерек тіркелді.

Олардың барлығы Қызылорда қаласында тіркелген. Барлығы аман, түрлі дене жарақатын алған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, балалардың терезеден құлау жағдайының басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы.

Осындай оқиғаның бірі Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Төртінші қабаттың терезесінен төрт жастағы ер бала құлап кеткен. Ол әртүрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

«Терезеде уақытша бекіткіш тордың болмауы мен москит торының берік бекітілмеуі оқыс оқиғаның тіркелуіне алып келеді. Оған қоса балалардың терезенің алдында ойнауына жол бермеу қажет», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде