{metadescription}
Мирас Жалмурзин Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болды

Мирас Жалмурзин Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болды

Бас прокурордың бұйрығымен Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры тағайындалды.

Енді бұл лауазымды Мирас Жалмурзин атқаруға кірісті. Атырау облысы прокуратурасының мәліметіне қарағанда, Мирас Еркебұланұлы 1993 жылы туған. Прокуратура органындағы еңбек жолын 2016 жылы бастаған. 

«Әр жылдары Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры болып жұмыс істеді. Бұдан соң Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры лауазымдарын атқарды. Осы тағайындауға дейін Атырау қаласы прокурорының орынбасары болды», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Сыныптық шені – 1 сыныпты заңгер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде