{metadescription}
Алматыда газельге соқтығысқан мопед жүргізушісі қайтыс болды

Алматыда газельге соқтығысқан мопед жүргізушісі қайтыс болды

Алматының Алатау ауданында мопед мен газель соқтығысып, салдарынан мопед жүргізушісі мерт болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. 

Оқиға бүгін 13:30-да Райымбек және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккен мопед жүргізушісі емханаға жеткізілген. Алайда ауыр жарақаттан емхана қабырғасында жан тапсырған.

– Мопед жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатып, Момышұлы көшесінің қиылысында газель маркалы көлікпен соқтығысты. Жарақат алған мопед жүргізушісі аурухана жатқызылды. Өкінішке қарай ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ПД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде