{metadescription}
Алматы облысында құдықтан 3 адамның мәйіті табылды

Алматы облысында құдықтан 3 адамның мәйіті табылды

Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан 3 адамның өлі денесі табылды.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.

Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде