Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды
Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
10:39 18.09.2024
Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға полигонда оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін болған.
- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!