{metadescription}
Алматыда электр қуатының бағасы неліктен күрт өсті

Алматыда электр қуатының бағасы неліктен күрт өсті

Алматылықтар тамыз айында электр энергиясының ерекше қымбаттағынын айтып, шағымданды. «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы тұрғындардың шағымына жауап берді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі шілде айында электр қуаты үшін 6 мың, ал тамыз айында 16 мың төлегенін айтты. Бейнежазбаға пікір білдірген алматылықтар мұндай өздерінде де болғанын жазды. 

– Тамыз айының квитанциясы 13 800 теңге болды. Алайда біз үйде мүлдем болмаймыз, тек кешке келіп, кешкі астан кейін ұйықтаймыз, - деп пікір білдірді ол.

«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы электр қуатының төлемі күрт өсуіне 3 себеп бар екенін хабарлады. 

– Электр энергиясы төлемдерінің жоғары сомаларының 3 типтік себебі бар: күннің ерекше ыстық болуынан кондиционерлерді қолдану көбейді. Сондай-ақ тұтынудың күрт өсуі, соның ішінде күннің қысқаруына байланысты. Үшіншіден, балалар жазғы демалыста болды, - деп хабарлады мекеме. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде