Қарағанды облысында зейнеткердің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті анықталды
Қарағанды облысында үйге келген қонақтың алтын бұйымдарын ұрлап кеткен аудан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
11:23 18.09.2024
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен аудан тұрғынын ұстады. Күдікті азаматша өзінің туысқандарының үйіне келген 72 жастағы зейнеткердің алаңсыз отырған сәтін пайдаланып, алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
Зейнеткерге 350 мың теңге шығын келтірілді. Күдікті қылмысын мойындады, айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!