{metadescription}
Семейде сиырларды көлікке тиеп алған ер адам анықталды

Семейде сиырларды көлікке тиеп алған ер адам анықталды

Абай облысының тұрғынының «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған.

Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады. 35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде