{metadescription}
Алаяқтығы үшін 12 жыл бойы жасырынып жүрген адам ұсталды

Алаяқтығы үшін 12 жыл бойы жасырынып жүрген адам ұсталды

2024 жылдың 17 қыркүйегінде Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизоды бойынша күдікті адамды ұстады.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылы маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшердегі ақшаны заңсыз иемденген.

12 жыл бойы күдікті есімін өзгертіп, жалған құжаттармен жүрген.

«Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.