{metadescription}
Қызылордалық полицейлер есірткі қылмысы бойынша күдіктіні төрт жылдан кейін ұстады

Қызылордалық полицейлер есірткі қылмысы бойынша күдіктіні төрт жылдан кейін ұстады

Қызылорда полицейлері есірткі қылмысы бойынша күдікті деп танылып, төрт жыл бойы тергеуден бой тасалап жүрген адамды Алматы қаласында ұстады.

Бұл бағытта Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері іздестіру шарасын жүргізді.

«Нәтижесінде есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілініп, 2020 жылдан бері іздеуде жүрген қала тұрғынын қолға түсті. Жедел уәкілдер 42 жастағы күдіктіні Алматы қаласында жалдамалы пәтерде ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде