Көлікті мас күйінде басқарғандар 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді
Көлікті мас күйінде басқарған адамдар жеті жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform
11:23 19.09.2024
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері арналған заңды бірінші оқылымда талқылау кезінде мәлім болды. Сенатор Евгений Больгерттің айтынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы) және 613-бабы (куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты тиісінше жеті немесе сегіз жыл бойы көлік құралдарын басқару құқығын алуға емтихандар тапсыруға жіберуге тыйым салу енгізіледі.
Айта кетейік, кодекстің 608-бабында жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!