{metadescription}
Қазір мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін болмай тұр — министрлік

Қазір мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін болмай тұр — министрлік

Қазір елімізде 80 мыңнан аса мопед бар.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері арналған заңды бірінші оқылымда талқылау кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Қазіргі кезде «Сергек» және басқа да бейнебақылау камералар арқылы мопед жүргізушілерінің кім екенін анықтау мүмкін емес. Яғни мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Осыны пайдаланып, олар әдейі жол ережесін бұзады. Ішкі істер министрлігі дерегінше, 80 мыңнан аса мопед бар. Қазір оларды тіркеу міндетті емес. Былтыр 12 айда мопедтерге қатысты 750 көлік апаты тіркеліп, 39 адам қаза тауып, 730 адам жараланды», — деді И. Лепеха.

Оның айтуынша, биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 48 адам көз жұмды, 1024 адам жараланды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде