{metadescription}
Ақтөбеде әткеншектен құлап қалған бала көз жұмды

Ақтөбеде әткеншектен құлап қалған бала көз жұмды

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында 9 жастағы ер бала әткеншектен құлап көз жұмды.

Ол құлаған кезде ашық бас-ми жарақатын алған. Оқиға кеше кешкілік болған. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 19:02–де шақырту түседі. Ол кезде денесі құрысып жатыр деп хабарланды. І-санаттағы шақыртуға жедел жәрдем бригадасы сағат 19:09–да жеткен. 

— Жедел жәрдем бригадасы жеткен кезде бала ес-түсін білмейді. Көршілері жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің мамандары бірден реанимацияға кірісіп, 30 минут бойы құтқаруға тырысты. Бірақ ол нәтиже бермеді. Сағат 19:41–де ми қызметі тоқтады. Қойылған диагноз: ашық бас-ми жарақаты, бас сүйегінің негізгі бөлігінің, мойын омыртқасының жабық сынуы. Сонымен бірге 103 қызметі жеткенше жүрекке массаж жасалғаны белгілі. Сол кезде қабырғасы зақымданып, өкпеге ауа жетпей қалған, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 306 бабы 3 бөлігімен, яғни, «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сот алды тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.