Алматы облысында газдың жарылуы салдарынан екі қабатты үйдің күл-талқаны шықты, үй иесі қаза тапты
Алматы облысында 2024 жылдың 18 қыркүйегінде кешке жеке тұрғын үйлердің бірінде газдың жарылуы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Алматы облысы ТЖД
12:54 19.09.2024
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданы Жалпақсай ауылындағы екі қабатты тұрғын үйде болған.
"Оқиға орнына жоғары дәрежелі күштер мен құралдар дереу жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықталды", — деп хабарлады ведомствода.
Құлаған №1 пәтердің иесі бұл кезде жұмыста болған. Екінші пәтердің тұрғындары зардап шеккен жоқ. Үйінділерді талдау кезінде құтқарушылар 1957 жылы туған №1 пәтер иесінің денесін тапты.
"Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД, ПД, РОСО, БМСК және Газ қызметі 104 күштері мен құралдары жұмыс істеді. Жарылыстың себептері анықталуда", — деп хабарлады ТЖД.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!