Қозғалтқышы бар велосипедтерге тротуарларда жүруге болмайды - министрлік
Электрлі қозғалтқышпен жүретін велосипедтерге жаңа талаптар қойылды.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
13:14 19.09.2024
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер «Электрлі қозғалтқышы бар велесипедтерді тіркеу қажет пе?» деген сұрақ қойды.
«Қазір қозғалтқышы бар велесипедтерді мемлекеттік тіркеудің қажеті жоқ. Бүгін Сенатта мақұлданған заң аясында қозғалтқышы бар велосипед ұғымы нақтыланды. Яғни электрлі қозғалтқышпен жүретін велосипедтерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларда жүргізуге тыйым салынады», - деді И.Лепеха.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды.
Заң аясында мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Қолданыстағы норма бойынша ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын мопедтер тіркеуге жатады. Ал қаралып отырған заңға сәйкес, барлық мопедтер тіркелуі тиіс.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!