Өскемендегі кәсіпорынның нөсер кәрізінде жұмысшының денесі табылды
Өскемен қаласындағы кәсіпорынның нөсер кәрізінде жұмысшының денесі табылды.
Фото: ШҚО әкімдігі
13:22 19.09.2024
ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы шағын кәсіпорындардың бірінде болған. Жұмысқа өз ауысымына келген жұмысшы әріптесін таппай, іздей бастаған.
«Көп ұзамай ер адамның денесі нөсер кәрізінен табылды. Сол жерге полиция қызметкерлері шақыртылып, тергеу басталды. Сараптама нәтижесінде, марқұмның алкоголь ішкеннен кейін болатын обструктивті механикалық асфиксиядан қайтыс болғаны анықталды», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!