{metadescription}
Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық іске қатысты жаңа деректерді жариялады.

«Осы бойынша 13 адам анықталды, оның ішінде 11-і қамауға алынды, екеуі үй қамақта отыр. Қазіргі кезде бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі оның мән-жайы тергеушілердің құзыретінде», - деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексеріліп жатыр. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде