{metadescription}
Алматыда биыл жол апатынан 11 мопед жүргізушісі қайтыс болды

Алматыда биыл жол апатынан 11 мопед жүргізушісі қайтыс болды

Алматыда мопед жүргізушілерінің апатқа ұшырау жағдайлары азамай тұр.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Алматы қаласы Полиция департаменті Жол полициясы патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимовтың айтуынша, жыл басынан бері мегаполисте мопед жүргізушілері 523 рет жол-көлік оқиғасына ұшыраған.

Нәтижесінде 535 адам жарақат алып, 11 адам көз жұмды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылды.

– Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындап, абай болу керек. Бұл жол-көлік оқиғаларынан, жарақат алудан және әртүрлі қайғылы салдардан аулақ болуға мүмкіндік береді, – деп ескертті Оралбек Ахимов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде