{metadescription}
Қарағандыда өрт шыққан тұрғын үйден 17 адам құтқарылды

Қарағандыда өрт шыққан тұрғын үйден 17 адам құтқарылды

Қарағандыда өрт шыққан тұрғын үйден 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстардың өртенуі орын алды.

«ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында жану өнімдерімен тұншығудан құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды. Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті,» - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде