{metadescription}
Алматыда тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Алматыда тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Наурызбай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шықты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, 20 шаршы метр алаңды жалын шарпып, жиһаз және үй заттары өртенген.

Құтқарушылар автосатымен және баспалдақпен 14 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. Одан бөлек 16 адамды эвакуацияланды. 

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі алдын ала болжам бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде