{metadescription}
Ақтөбеде 92 жастағы батыр ана балаларынан алимент талап етті

Ақтөбеде 92 жастағы батыр ана балаларынан алимент талап етті

Ақтөбеде 92 жастағы қария балаларынан алимент өндіріп алу үшін сотқа талап арыз түсірді. Сот істі қарап, 9 баланың 4-еуінен алимент өндіру туралы шешім шығарды. 

Іс Ақтөбе қалалық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, талап қоюшының 9 баласы бар. Бірақ ол біреуінің қолында тұрады, сондықтан 8 баладан алимент өндіруді сұрады.

«Батыр ана өзінің 92 жаста екенін, қартайғанда созылмалы ауруы көбейіп, қиналып жүргенін жазған. Талап қоюшы Д. өзінің талап арызында кіші қызы З.-мен бірге тұратынын, оның материалдық көмек көрсетіп жүргенін айтты. Сондықтан тек 8 баласынан алимент өндіруді сұрады. Істі қарау барысында жауапкерлер анасына көмек көрсететінін айтқанымен, нақты дәлелдей алмады. Ал үшінші тұлға, яғни, кіші қызы бейнематериалды қоса әкелді. Сонымен бірге талап қоюшы балаларын 5-6 жылдан бері көрмегенін айтты. Өз кезегінде жауапкерлер кіші қыздың үйге кіргізбей жүргенін алға тартты. Бірақ бұл уәж дәлелденбеді. Сот мұны міндеттерінен жалтарудың бір әдісі ретінде қарастырды. Талап қоюшының балаларынан алимент алуға құқығы бар екенін анықтады. Алайда олардың төртеуі зейнеткер, алимент өндіруге жатпайды», - деп хабарлады Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот Азаматтық кодекстің 145 бабы 3 және 4 тармақтарын негізге алып, 4 жауапкердің әрқайсысынан анасының пайдасына 7 АЕК алимент өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде