{metadescription}
Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 қыркүйек күнге Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

21 қыркүйекте Атырау облысының, Қарағанды облысының, Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде 1 градус суық болады. 

Батыс Қазақстан облысында облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 21 қыркүйекте өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан облысында, облыстың таулы асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с. Аймақтың басым бөлігінде төтенше (5 класс) өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында 21 қыркүйекте төтенше (5 класс) өрт қаупі жоғары болады. 

Маңғыстау облысында, Шығыс Қазақстан облысын жоғары өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда 21 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

21 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде