{metadescription}
Антикор Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Антикор Абылай Мырзахметовтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И.Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн. Жалпы, жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

«Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр және агенттіктің ерекше бақылауында», - делінген агенттік хабарламасында.

Еске салайық, биыл 13 мамырда Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 қараша

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде