Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды
Әлеуметтік желілерде ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция осыған қатысты қылмыстық іс қозғады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform
15:03 22.09.2024
Белгілі болғандай, түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен. Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!