Қарағанды облысының жолдарына бақылау бекеттері қойылды
Қарағанды облысының жолдарында 18 жылжымалы бақылау бекеті қойылды. Бұл туралы облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Қарағанды облысының полиция департаменті
09:27 23.09.2024
Полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды тексеру үшін ет пен мал тасымалдаушы көліктерді тоқтатады.
Жыл басынан бері облыста 25 мал ұрлығы тіркелсе, оның 18-і ашылған. Соңғы оқиғалардың бірі өткен аптада Бұқар жырау ауданында болып, полиция қызметкерлері голштейн тұқымды сиырын ұрлаған күдіктіні ұстады. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мал ұрлығының көбі еркін жайылымда жасалады, сол себепті мал иелері шығынды бірден байқамай қалып жатады.
Полицияға еркін жайылып жүрген малдың жоғалғаны туралы 17 хабарлама келіп түскен. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полицейлер 106 бас мал, оның ішінде 56 жылқы, 12 ірі қара және 38 ұсақ мүйізді мал тапты.
Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарды азаматтар мүлкінің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!