{metadescription}
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарады. Lada.kz тілшісінің мәліметінше, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері. 

WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған.

Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт 20 қыркүйекте табылған.

«Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Желі қолданушыларының айтуынша, Жафаров соққыға жығылған және денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде