{metadescription}
Шри-Ланкадағы президент сайлауында Анур Кумар Диссанаяке жеңіске жетті

Шри-Ланкадағы президент сайлауында Анур Кумар Диссанаяке жеңіске жетті

Шри-Ланкада өткен президенттік сайлауда «Ұлттық халықтық билік» альянсының жетекшісі Анур Кумар Диссанаяке жеңіске жетті, деп жазады БЕЛТА агенттігі.

«Комиссия өз веб-сайтында 55 жастағы Диссанаяке сенбі күнгі сайлауда 42,31% дауыс жинап, президенттік сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады. Оппозиция жетекшісі Саджит Премадасу екінші орында, ал қазіргі президент Ранил Викрмесингхе үшінші орында», - деп хабарлайды басылым.

Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, сайлауда дауыс берген 13,6 миллион адамның 5,6 миллионнан астамы Диссанаякеге дауыс берді. Жаңа президенттің инаугурациясы 23 қыркүйекте өтеді.

Диссанаякенің саяси мансабы 1988 жылы Әлеуметтік студенттер қауымдастығының ұлттық ұйымдастырушысы ретінде басталып, отыз жылдан астам уақытқа жалғасты. Саясаткер «Халық азаттық майданы» партиясының қатарында көтеріліп, 1995 жылы оның Орталық жұмыс комитетіне мүше болып, 2001 жылы парламент депутаты болды. 2004-2005 жылдар аралығында Шри-Ланканың Ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, жер және суару министрі қызметін атқарған. 2014 жылы Диссанаяке «Халық азаттық майданы» партиясының жетекшісі болды.

Диссанаяке бұған дейін президент болып сайланса, азық-түлік дағдарысымен күресу, білім мен денсаулық сақтау салаларына инвестиция тарту және Шри-Ланканың экономикалық өсуіне жұмыс жасауға уәде берген болатын.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде