{metadescription}
Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Алматы облысында қарама-қарсы келе жатқан екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам қаза болды.

Полиция мәліметіне сәйкес, Zeekr 001 жүргізушісі Талғар-Есік автожолының 36 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан.

«Апат салдарынан Daewoo Matiz автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай жан тапсырды. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде