{metadescription}
Балабақша есепшісі қарызын өтеу үшін 15 миллион теңге ұрлаған

Балабақша есепшісі қарызын өтеу үшін 15 миллион теңге ұрлаған

Балабақша бухгалтері қарыздарынан құтылу үшін қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырған.

Жоғарғы соттың ақпаратынша, бухгалтер 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына 15 миллион теңгеден астам ақша аударған.

«Сотталушы бұл қылмысқа қаржылық қиындықтардан, яғни қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірді. Ол кінәлі екенін мойындады, оның кінәсі куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды», - делінген хабарламада.

Бухгалтер Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Алайда сот әйелдің шын жүректен өкінгенін, бюджетке келтірілген залалды толық өтегенін және кәмелетке толмаған үш баланы асырап отырғанын ескеріп, жазаны жеңілдеткен. ҚК-нің 63-бабына сәйкес, әйелге пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты жазаға ауыстырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде