{metadescription}
Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ – ІІМ

Өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ – ІІМ

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефондарынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.

«Алматыда суицид жасаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицидке итермелейтін ойындарға қатысу фактісі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өшірілген жазбалар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефондарға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар министрлік ез азаматтарының суицидке бағытталған интернет ойындарға қатысуы да анықталмағандығын алға тартады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде