{metadescription}
Қазақстандағы алғаш «MONSTER OF SHYMBULAK» қызықты жарысы өтті

Қазақстандағы алғаш «MONSTER OF SHYMBULAK» қызықты жарысы өтті

21 қыркүйек Шымбұлақ тау курортында “Экстремалды Атлетика” қоғамдық бірлестігімен бірігіп ұйымдастырған Қазақстандағы алғаш «MONSTER OF SHYMBULAK» қызықты жарысы өтті.

Жарысқа Ресей, Испания, Ұлыбритания, Беларусь, Болгария және Қазақстаннан 170-тен астам спортшы қатысты. Бұл шара барлық қатысушылары үшін нағыз сынаққа айналып, белсенді демалысты ұнататындардың назарын аудартты. Жарыс Шымбұлақ базалық станциясында басталып, 3200 метр биіктіктегі Талғар асуында аяқталды. Қатысушылар ұзындығы 3 шақырым жолды 900 метр биіктікке көтеріле отырып жүгіріп шығуы қажет болды. Көрініс үшін Комби 1 және Комби 1 арқан жолдары баяулатылған режимде жұмыс істеп, ниет білдірушілердің бәріне күштерін сынауға мүмкіндік берді. 1 000 000 теңге жүлде қоры жүлделі орындарға қызу талас тудырды.

Дарын Қонысбаев пен Диана Айдоссова жарыстың абсолютты чемпиондары атанды, олардың нәтижелері таң қалдырды: 34 минут 31 секунд және 46 минут 46 секунд. Басты жеңімпаздар 500 000 теңгеден алды, ал басқа жүлдегерлер Шымбұлақтың маусымдық абонементтеріне және шара серіктестерінің сыйлықтарына ие болды.

Ерлер арасындағы жеңімпаздар:

* 1 орын: Дарын Конысбаев – 34:31

* 2 орын: Богдан Коваленко – 37:10

* 3 орын: Алмас Рахимбаев – 38:16

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

* 1 орын: Диана Айдоссова – 46:46

* 2 орын: Дарья Горева – 50:13

* 3 орын: Маркиева Анастасия – 55:08

Шараның нәтижесі бойынша екі қатысушы ерекше назарда болды: бар болғаны 1 сағат 36 минутта мәреге жеткен 85 жасар Владимир Ковальчук және 8 айлық баласын құшағына алып жарысты 2 сағат 7 минутта аяқтаған  Александра Колмакова.

Әр қатысушыға пайдалы сыйлықтары бар старт пакеті берілді, ал мәреге жеткендер арқан жол кабинасы бейнесіндегі ерекше медальдармен марапатталды.

Осы шараны естен кетпестей өткізген барлық қатысушы мен көрерменге алғысымызды білдіреміз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.