{metadescription}
Шағын ұшақ апатқа ұшырап, экипаж қаза тапты

Шағын ұшақ апатқа ұшырап, экипаж қаза тапты

Түркияның Бурса қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшақты басқарған 2 ұшқыш мерт болды. Бұл туралы TRT Haber агенттігі хабарлады. 

Басылымның мәліметінше, бүгін, 23 қыркүйекте Бурсаның Энишехир ауданында оқу-жаттығу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, жантүршігерлік оқиға болған.

Апат салдарынан ұшақта болған нұсқаушы ұшқыштар қаза тапты. 

Басылым қаза тапқан ұшқыштардың есімін жария етті. Олар — 61 жастағы Юнал Астер мен 42 жастағы Эмир Гулал Налжи.

Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметі шұғыл жеткені аталып өтті.

Билік оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде