{metadescription}
Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордшысы.

Осыған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алғанын жаздық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде