{metadescription}
Су тасқын кезінде құрылған жедел желі жұмысы жалғасады

Су тасқын кезінде құрылған жедел желі жұмысы жалғасады

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлер әкімдігіне тасқынға қатысты азаматтардың сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді міндеттеді. 

«Бүгінде Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында зардап шеккендер үшін сатып алынған кейбір үйлерде жөндеу жұмыстары бітуге жақын. Оларды тез арада аяқтап, тұрғындарға тапсыру керек. Қиын-қыстау кездегі адамдардың эмоцияларын түсінеміз. Кейбір тұрғындар тарапынан өтемақы сомасына, шығынды анықтау, баспана таңдау және жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақтар туындады.

Әр проблеманы жеке алып қарауға тырыстық. Қабылданып жатқан шаралар зардап шеккен әр отбасының пікірін барынша ескере отырып, іске асырылып жатыр. Тасқынға қатысты азаматтарда сұрақтар мен проблемалар болуы мүмкін, осыған орай әкімдіктерге жедел желі жұмысын тоқтатпай, жергілікті халықтың сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Одан бөлек, Үкімет басшысы әлеуметтік объектілердің зардап шеккенін мәлім етті.

«Оларды қалпына келтіру жұмыстары да қомақты қаржы шығындары мен адами ресурстарды талап етті. Дихандарға егіс науқанын уақтылы жүргізу үшін барлық қажетті көмек көрсетілді, шығын болған мал басына өтемақы төленді. Жалпы, осы қысыл-таяң кезеңде ешкім де ескерусіз қалған жоқ. Президент тапсырмасы бойынша Үкіметтің және әкімдіктердің резервтерімен бірге, қорлар мен демеушілердің де қаражаты тартылды», - дейді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде