{metadescription}
2025 жылы тасқынды болжау және модельдеу ақпараттық жүйесі енгізіледі

2025 жылы тасқынды болжау және модельдеу ақпараттық жүйесі енгізіледі

Келер жылдан бастап елімізде табиғи апат, оның ішінде топан судың алдын алуға арналған тиісті мәліметтерді жинақтап ақпараттық жүйе енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл міндетті Үкімет басшысы Олжас Бектенов құзырлы органдарға тапсырды. 

«Су ресурстары және ирригация министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен салуды белгіленген мерзімде аяқтасын. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2025 жылғы ақпанның соңына дейін сала мамандарын оқытып,

«Су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесін енгізуді қамтамасыз етуге тиіс. Төтенше жағдайлар министрлігі және Экология және табиғи ресурстары министрліктері 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін осы жүйені қажетті деректермен толықтыруды қамтамасыз етсін», - деді Олжас Бектенов министрлер мен өңір әкімдеріне жаңа міндет жүктей отырып.

Сондай-ақ, Премьер-Министр тасқынның алдын алу және қайталанбау жұмыстары үшін Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырушы әрі үйлестіруші орган екенін еске салды.

«Төтенше жағдайлар министрлігі келесі жылдағы су тасқынының алдын алу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді қамтамасыз етуі қажет. Өңір әкімдері су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын алдын ала әрі сапалы орындауды қамтамасыз етуге тиіс. Ең алдымен, биыл күз соңына дейін елді мекендер айналасында топырақ үю, құбырлар мен арықтарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды тексеру және су жіберу каналдарын дайындау жұмыстарын жүргізсін», - деп толықтырды О. Бектенов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде