Ақтөбеде ірі жол апаттарына қатысты қылмыстық істер сотта қаралып жатыр
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта екі ірі жол апатына қатысты сот отырысы басталды.
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform
13:54 24.09.2024
Бірінде 5 адам, екіншісінде 4 адам көз жұмды. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылында болған оқиғаға қатысты айыптау актісі оқылды. Онда көлік рулінде болған 28 жастағы жігіттің шаршаңқы күйде болып, жол-көлік қозғалысы ережесін сақтамағаны айтылды.
- Жүргізуші қыдырып, 2024 жылдың 26 тамызы күні сағат 18:40-та қауіптілігі жоғары Ақтөбе облысы Қобда ауданы бағытында Volkswagen Polo маркалы автокөлігімен жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетеді. Нәтижесінде 50 жастағы екі адам және 2010, 2015, 2019 жылдары туған балалар көз жұмды. Сөйтіп жүргізуші ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Көлік құралын басқаратын адам жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан іс-әрекет жасағаны үшін айыпталады,- деді мемлекеттік айыптаушы Әлия Тлеуова.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары