{metadescription}
ШҚО-да жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданының әкімі тағайындалды

ШҚО-да жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданының әкімі тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының әкімі болып Елдос Байрахметов тағайындалды.

Елдос Жанболатұлы 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы Балғын ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да оператор болып бастады. 2012-2013 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да техник, инженер-конструктор болып жұмыс істеді.

2016-2018 жылдар аралығында «Астанателеком» мекемесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2019-2021 жылдары «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің кеңесшісі, көмекшісі болды.

2022-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде