{metadescription}
Астанада көпқабатты үйлерге жылу беріліп жатыр

Астанада көпқабатты үйлерге жылу беріліп жатыр

Елордада жылыту маусымы басталды.

Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады.

24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, емханалар және басқа) қосылған», — деп хабарлады әкімдік.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылуға қосылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде