{metadescription}
Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жақын маңда жаппай төбелес болды. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.
19:14 24.09.2024
Полиция мәліметіне сәйкес, жанжалға 20-ға жуық студент қатысқан.
"Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!