{metadescription}
Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шабдалыдан зиянкес табылды

Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шабдалыдан зиянкес табылды

Шабдалы партиясынан шығыс жеміс жемірі анықталды. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан карантиндік зиянкес — шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады.

Орталық кедендік ресімдеу пунктінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді.

Партия Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан автомобиль көлігімен жеткізілген болатын.

Жеміс үлгілері іріктеліп, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді.

Сараптама шығыс жеміс жемірі барын растады.

Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілді. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде