{metadescription}
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып Еркінбек Рахымбайұлы Әмірғалиев тағайындалды. 

Еркінбек Әмірғалиев 1981 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. 

Заңгер, құқықтану магистрі. Ағылшын және француз тілдерін біледі. 

Еркінбек Әмірғалиев мемлекеттік органдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесіне ие. Оның еңбек жолы 2004 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының сот отырысы хатшысының м.а. лауазымынан басталды.

Сондай-ақ ол Әділет министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотында бірқатар негізгі лауазымды атқарды. 

Кейінгі жылдары Еркінбек Әмірғалиев Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде