{metadescription}
Павлодарда өзенге батып кеткен көпір қалпына келтірілді

Павлодарда өзенге батып кеткен көпір қалпына келтірілді

Көктас ауылы маңында Белая өзеніне батып кеткен понтонды көпір судан шығарылды.

Қазір уақытта техникалар арғы бетке өтіп, тұрғындардың мал азығын дайындауына мүмкіндік беріп тұр. Биылғы шілде айында Ақсудың ауылдық аймағында өзен арқылы өтетін понтонды көпір суға батып кетті. Жергілікті билік өзеннен адамдар мен техникалардың өтуі үшін уақытша паром қатынасын ұйымдастырған.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов көпірдің қалпына келтірілгенін хабарлады. Бұл іске ірі өндірістік кәсіпорындар көмектескен.

- Салмағы 110 тонналық понтонды көпірді өзеннің түбінен жоғарыға көтеріп, жағаға шығардық. Одан соң қалпына келтіріп, бұрынғы орнына орнатылды. Игі іске жұмылып, жұмысты атқарып шыққан қалақұраушы кәсіпорындар - «ЕЭК» АҚ және Ақсу ферроқорытпа зауытының басшылығына алғысымызды білдіреміз, - деді шаһар басшысы.

Бүгінде көпір үстімен техникалар жүре бастаған. Соның арқасында шаруалар аралдан шөп шауып, төрт түліктің қысқы азығын қамдап жатыр. Бұған қоса жергілікті бюджеттен жаңа понтонды көпір салуға жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін қаражат бөлінген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде